« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекет елдің кәсіп бастауына тиімді мүмкіндіктер қарастырды. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге жол ашып отыр. Жергілікті азаматтар да мол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, бастаған кәсібін одан әрі дамытуға кірісті. Соның бірі – кент орталығындағы «Ақбала» тігін цехының иесі Бақыт Төлеуханова.
Бұл цех өз жұмысын 2009 жылы бастады. Содан бері тұтынушы талғамына сай жұмыс жасап, түрлі пішіндегі киімдерді жарыққа шығарып келеді. Он саусағынан өнер тамған Бақыт Төлеуханова бастаған кәсібін одан әрі дамыту мақсатында 2012 жылы мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінді. Айта кетейік, ол «Ақбала» тігін цехын іске қоспас бұрын арнайы мамандықта білім алып, кәсіптің қыр-сырын меңгеріпті.
– Тұтынатын бұйымдарымыз бен киіп жүрген киіміміздің көбісі сырт мемлекеттерден экспортталады. Қазіргі кезде кәсіпкерлер отандық өнімді нарыққа молынан шығара бастады. Бізде жергілікті өнімді өркендетуге өз үлесімізді қоссақ деген мақсат бар. Тұтынушы талғамынан шыға білгеннің нәтижесінде кәсіпті одан әрі дөңгелентуге мүмкіндік туды. Кәсіп ашқан жылдары мемлекеттік бағдарлама арқылы 800 мың теңге проценттік үстемесі жеңілдетілген несие алдық. Қазір сұранысқа сай жұмыс жасап келеміз, – дейді цех иесі.
«Адам көркі – шүберек» дейді. Ою ойып, ұлттық нақышта безендірілген ондағы киімдер көздің жауын алады. Қазіргі заман талабына сұранған сан алуан сән киімдері осы шебердің қолынан шыққан. Үлгілі отбасында тәрбиеленген балалары да өнерге жақын екен.
Жұбайы Сегізбай Қайнарбаев тігін машинасы мен тұрмыстық техникаларды жөндеумен айналысады. Бақыт апамыз «Ақбала» цехында тұтынушылардың талғамына сай киім тіксе, жары ондағы техникалардың қалыпты жұмыс жасауын қадағалайды. Кәсіпті ұршықша иірген бұл отбасы алдағы уақытта бастаған істерін одан әрі кеңейтуді көздеп отыр.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
Жалағаш ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |