« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейдің жоғары оқу орындарын бітірген алғашқы түлектермен «Туған жерге туыңды тік!» атты шарада кездесті. Биыл Мәскеу мен Санкт-Петербургтің маңдайалды техникалық университеттерінен 74 түлек диплом алып, 43-і магистратураға түсті.
Бұл кездесуге келген кешегі студенттер, бүгінгі жас мамандар – 2014 жылы мектепті бітірісімен Ресейдің ірі қалаларына оқуға аттанған алғашқы қарлығаштар. Олар салған ізбен Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызылордалық студент Ресей Федерациясы үкіметінің гранты есебінен білім алуда. Туған жерге оралған түлектердің 14-і облыстың ірі кәсіпорындары – «СКЗ-U», «Қызылорда жарығы», «Ансар Сервис», «Теплотехник» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, мамандандырылған мемлекеттік мекемелер – индустриалды-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен жастар ресурстық орталығына және т.б. жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін тағы 12 түлек жұмысқа кіріседі, ал 5 түлек әртүрлі себептермен (қоныс аудару және т.б. байланысты) ұсынылған жұмыс орындарынан бас тартқан.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |