Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты газеттердің редакторлары мен тілшілері Астанада – республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің редакциясында болды.
Әріптестеріміз аға басылымның тыныс-тіршілігімен танысып, өзара іс-тəжірибе алмасты. Кездесу барысында сайт жұмысын ілгерілету мәселелері мен жолдары талқыланды. «Егемен Қазақстан» газеті интернет-редакция бөлімінің жетекшісі Құрманəлі Қалмахан сайт рейтингін көтеру, сапасын арттыруға байланысты пікір білдірді. Сонымен қатар, жиында газет мақалаларының мазмұнын жоғарылату, аудиторияға тартымды дүниелер ұсынуға да қатысты мәселелер қозғалды.
Облыс əкімінің кеңесшісі Динара Бисембинаның бастамасымен өтіп жатқан семинар "Казахстанская Правда", "КазМедиа" ұжымдарында жалғасады.