ЕРЖАН ЖОЛДАСОВТЫ ӘРІПТЕСТЕРІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов Шымкент қаласының көліктік бақылау инспекициясының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Ержан Жолдасовты құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі.

«Ержан Жақсылықұлы жұмыс барысында өзін іскер де  ұйымдастырушы, білімді де білікті, қызметкерлерін жұмылдыра білетін заманауи басшы, жауапкершілігі жоғары азамат ретінде көрсете білді. Атап өткен жөн, оның тікелей бастамасымен жолға зиянын тигізетін ауыр салмақты автокөліктер азайып, балама түрде ұсынылған жүк автокөліктері көбейді. Нәтижесінде, теміржол көлігімен тасымалданатын инертті материалдардың көлемі де едәуір ұлғайды. Өңіріміздің көліктік бақылау саласында жемісті еңбек еткені үшін Ержан Жақсылықұлына Сыр жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін және алдағы жұмыстарына табыс тілеймін»,-дей келе аймақ басшысы Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

Өз кезегінде, Ержан Жолдасов әріптестеріне қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қыркүйек 2018 г. 742 0