| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||
«Қатарың болмаса, тойға барма» дейтін халқымыз, қарттық шақта жалғыз, елеусіз қалуды әсте жөн көрмейді. Әсіресе, зейнет жасына келіп, қызметтен босаған уақытта «үй күзетшісіне» айналып, таңертеңнен кешке дейін бірі оқуға, бірі жұмысқа кеткен балалардың жолына қарап отыру олар үшін ауыр болары белгілі.
Осындайда көңілін бөлетін ісі не болмаса пікірлесетін адамның болғанына не жетсін?! Алайда, шиелілік ардагерлер үшін бұл мәселенің шешімі табылған. Аудан орталығында осы жылдың басында ашылған «Думан-Шиелі» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бұл күнде зейнеткерлердің демалумен қатар ем алатын, әр күні қызықты өтетін ыстық мекенге айналған. Екі қабаттан тұратын ғимараттың ауласына бас сұққаннан тазалықты, ұқыптылықты байқау қиын емес. Ішке кіргенде тіпті тамаша. Қызмет алушылардың бір тобы демалыс бөлмелеріне бара жатса, енді бір тобы емдік дене шынықтыру залына қарай кетіп бет түзеп келетіні. Не керек, қара-құра адам, абыр-сабыр тіршілік. Бәрі жарасымды.
Бізді орталықтың тыныс-тіршілігімен таныстырып жүрген директордың орынбасары Света Жолдасова бұл орталық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пилоттық жоба ретінде республика бойынша Шиелі ауданында алғаш болып жүзеге асырылғанын жеткізді. Мақсат – зейнеткерлердің жалғыздықты сезінбей, ортамен, қоғаммен араласуын қамтамасыз ету, оларға әлеуметік-психологиялық қызмет көрсету. Бұл жерде сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға да, оның ішінде, туа бітті сал ауруына шалдыққандарға қызмет көрсетіледі.
Балаларға арналған қабатта үш топ жұмыс жасайды. Әр топта ойын, жатын бөлмесі бар. Сонымен бірге емдік денешынықтыру, музыка бөлмелері бар. Бассейн де салынған. Педиатр дәрігерлер Гүлғаныш Аманжолова, Мәдина Қоянбаева күнделікті балалардың дене қызуын, жалпы жағдайын тексеріп отырса, логопед маманы Диана Мейрамханқызы жаттығулар, бет бұлшық еттеріне, тілге, ерінге массаж жасайды. Сондай-ақ, психолог маманы күнделікті психикалық жай-күйін зерттеп отырады. Ал, емдік дене шынықтыру маманы тірек-қимыл қозғалысыы бұзылған балаларға дене, аяқ жаттығуларын арнайы құралдармен жасайды.| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||