КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БАСҚАРУ

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БАСҚАРУБүгінде елімізде жастардың кәсіпкерлік істерді бастауына ықпал ету, оларға ұйымдастырушылық, құқықтық шаралар бойынша кеңестер беру, ауыл, қала жастарына жан-жақты ақпараттық, техникалық, әдістемелік қолдау көрсетуге баса мән беріліп келеді.
Осыған байланысты Қармақшы ауданындағы «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға және ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында «Бизнестегі қызметкерлерді басқару» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг болып өтті.
Семинар-тренингті «Бастамаларды қолдау» бірлестігінің тренинг бойынша үйлестірушісі Айгерім Жақсылыққызы өткізді. Ол өз кәсібімді ашамын деген жастарға қызметкерлерді басқарудағы арнайы өзгешеліктер, қызметкерлерді басқару жүйесі, басшылықтың және ұйымдастырудың дағдылары, әлеуметтік-психологиялық ахуалды сақтау, топтық жұмыс, тағы басқалар жайында дәріс берді.
Бұл семинар-тренингтің аудан жастары арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеуі мен өз кәсібін ашамын деген жастар қатарының кеңеюіне өз септігін тигізері сөзсіз. Қатысушы жастарға «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің арнайы сертификаттары табысталды.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Қармақшы ауданы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 19 қазан 2013 г. 1 215 0