Қызылорда облысындағы 92 мектепте робот техникасы кабинеттері болады

Жаңа оқу жылында Қызылорда облысының Қазалы және Жаңақорған аудандарында жаңа мектептер пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Сондай-ақ, жыл соңына дейін Арал қаласында 300 орындық және Қызылорда қаласында 600 орындық білім ошағы ашылады. 2018-2019 оқу жылында 154 559 оқушы, оның ішінде 18 942-сі бірінші сыныпқа барды. Жаңа оқу жылының қарсаңында Қазалы және Жаңақорған аудандарында жаңа мектептер пайдалануға берілді, жыл соңына дейін Арал қаласында 300 орындық және Қызылорда қаласында 600 орындық білім ошағы ашылады. «Облыстағы қалған білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда облыстың жалпы білім беру мектептерінің 93,1 пайызы кеңжолақты интернет желісіне қосылған, жыл соңына дейін қалған мектептер толығымен қамтылады. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеңберінде білім ұяларындағы 8096 ескірген компьютерді ауыстыру жоспарлануда. Бұдан басқа, 242 мектеп электрондық журнал «Күнделік» жүйесінде жұмысын бастайды», - деді білім басқармасының басшысы. Қазіргі таңда облыстағы мектептердің 93,1 пайызы кеңжолақты интернетке қосылған. Сонымен қатар, мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 8096 ескі компьютер жаңартылып, заманауи пәндік кабинеттер және 3D зертханаларымен қамтылатын болады. Айта кетейік, облыс орталығындағы барлық балабақшаларда «Электронды балабақша» жүйесі қосылған, басқа да мектепке дейінгі мекемелер жаңа оқу жылында қосылады. Жаңа оқу жылынан бастап 3,6,8-сыныптар жаңартылған мазмұндағы білім беру бойынша оқиды. Қырық алты инновациялық мектепте физика, информатика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Облыста 649 мұғалім ағылшын тілі курсынан өтті. Сонымен қатар, 156 мектеп физика, химия, биология пәндерінің заманауи кабинеттерімен жабдықталуда, 92 мектеп робототехника кабинеттерімен, 9 оқушылар сарайы «3D зертханалармен» қамтылады. Қалалық және ауылдық мектептер деңгейін теңестіру бағытындағы шаралар аясында шағын жинақталған мектептер Bilim Book кешенімен қамтылады.



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2018 г. 671 0