« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Биыл ұлттың әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі Мырзабек Дүйсеновтің туғанына 90 жыл. Осыған орай Сыр елінде «Рухани жаңғыру және ұлттық әдебиет» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Жиында республикаға белгілі ғалымдар мен ақын, жазушылар Мырзабек Дүйсеновтің шығармашылығын, ғылыми-танымдық туындыларын талдап, естеліктермен бөлісті.
Сыр елі – сонау Қорқыт бабадан басталатын өлең-жыр, өнегенің алтын тін арқау жібін үзбей бүгінге жеткізген аймақ. Қызылордадай қазақтың нағыз рухани орталығында өскен Мырзабек Дүйсенов қазақ әдебиетінің тарихын түгендеген тұлға. Ол 200-ден астам ғылыми мақала мен бірқатар әңгімелер жинағының авторы. Жиында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов конференция Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында атқарылған нәтижелі қадам екенін айтты.
– Бір мемлекет екінші елге тек үш дүниемен ғана мақтана алады екен. Ол – төл әдебиеті, өнер-ғылымы, тарихы. Әлемдегі барлық ғылым мен мәдениетті «өркениеттің алып көші» деп қарастырсақ, қазақ әдебиеті сол көшке көз қызықтырар сән-салтанатымен қосылатыны даусыз. Аралдан бастап Қарт Қаратауға дейінгі кең өлкеде қазақ руханиятына еңбек сіңірген тұлғалар аз емес. Заңғар тұлға Мырзабек Дүйсенов те сол қатарда. «Әдебиет – ардың ісі» дейтін болсақ, кешегі кеңестік дәуірде Алаш қайраткерлерін шығармасына арқау етіп, қазақтың классик ақыны Ілияс Жансүгіровтен бастап Әбділдә Тәжібаевқа дейінгі қаламгер еңбектерін тыңғылықты зерттеп, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты, – деді Руслан Рүстемұлы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |