САРАТС-2 ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАСТАЛДЫ

 Биылғы жылдың наурыз айында Арал қаласында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың  төрағалығымен өткізілген мәжілісте қабылданған шешімдері бойынша САРАТС-2 жобасы Қазақстан Республикасының бюджеті есебінен іске асырылады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов  өңірлік комунникациялар қызметкінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Соның ішінде,  Қызылорда су торабын кешенді жөндеу "Қазсушар" РМК-ның меншік иесімен атқарылуда. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазсушар" РМК-ның су торабын жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында қаржылық-экономикалық негіздемесін (ҚЭН) дайындауда. ҚЭН Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасынан өтуде.
Экономикалық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін ЖСҚ әзірлеуге республикалық бюджеттен қаржы қарастырылатын болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 тамыз 2018 г. 647 0