« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыста тіректі елді мекендерді дамыту жұмысы 2013 жылы басталды. Оған сәйкес келетін 16 елді мекен іріктеліп алынды.
Соңғы 3 жылда бюджет көздерінен тіректі ауылдардағы әлеуметтік нысандар құрылысына, күрделі жөндеу, инфрақұрылыммен жабдықтау, абаттандыру шараларына 9137 млн теңге қаржы бағытталды. Елді мекендердің барлығы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Ұзындығы 310,4 шақырым болатын ауылішілік жолдардың 64%-не асфальт төселген. Электр желілерінің жалпы ұзындығы 515,5 шақырым болса, оның орташа тозу жағдайы – 63%.
Барлық тірек елді мекенде мемлекеттік 22 мектеп, оның ішінде мектепке дейінгі бала тәрбиесі жөніндегі ұйымдар қызмет жасайды. Балабақша саны – 29, оның 16-сы - мемлекеттік, 13-і – жеке меншікте. Жаңадан 3 мектеп (Еңбекші, Түгіскен, Төменарық), 3 балабақша (Мәдениет, Еңбекші, Түгіскен) салынды. 8 мектеп (Сексеуілде – 3-еу, Шижаға, Мәдениет, Төменарық, Жанқожа батыр, Түгіскен), 7 балабақша (Өркендеу, Төретам, Аққұм, Түгіскенде – 2-еу, Төменарық, Бірлік) ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді.
Қазіргі күні аталған ауылдарда тұрғындарға 25 денсаулық сақтау ұйымы қызмет көрсетеді. 8 дәрігерлік амбулатория құрылысы, оның ішінде 4 ауылда Шижаға, Өркендеу, Ақжарма, Бірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынып жатыр. Сексеуіл, Қамыстыбас, ІІІ Интернационал, Еңбекші елді мекендерінде бюджет есебінен салынды. 2 ауылда емхана мен дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізілді.
Мәдениет саласында 16 ауылдық клуб жұмыс жасайды. 4 ауылда (Сексеуіл, Қамыстыбас, Мәдениет, Еңбекші) мәдениет үйлері салынды. 5 ауылда (Жанқожа батыр, Өркендеу, ІІІ интернационал, Ақжарма, Бесарық) клубтар түгелдей жөнделді. Сонымен қатар, 17 кітапхана (Сексеуіл кентінде – 2-еу, қалған ауылдарда – 1-еуден) тұрғындарға қызмет көрсетуде. Олардың барлығы мәдениет үйлерінде орналасқан. Шижаға, Түгіскен ауылдарында мәдениет үйін салу қажеттілігі туындап отыр.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауылдық елді мекендердің өндірістік әлеуетін дамытуға, экономиканы көтеруге, қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал ететін бизнес құрылымдардың белсенділігін арттыру маңызды. Бұл салада соңғы 5 жылда жалпы сомасы 716,5 млн теңгеге 89 жоба жүзеге асырылды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы 9 гранттық жоба қаржыландырылса, 16 жұмыс орны ашылды. Биыл 17 жобаға қаржы бөлініп, 34 жұмыс орны құрылды. 2015-2018 жылдары «Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы 6%-пен 5 жылға жалпы сомасы 242,3 млн теңгеге 49 жоба қаржыландырылып, 63 жұмыс орны ашылды. 8 тіректі елді мекенде 351 адамнан тұратын 12 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Мал және құс шаруашылығы бағытындағы 6 кооператив несиелендірілді.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап облыста халық саны 2 мың адамнан асатын ауыл әкімдерінің бюджеті 65 ауылдық округте енгізілді. Дербес бюджетті енгізу ауылдық округтердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге және салықты тікелей өз бюджетіне алуы арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Тіректі елді мекендер ішінен Қазалы ауданының Жанқожа батыр және Өркендеу ауылдарындағы халық саны 2 мыңнан төмен болғандықтан дербес бюджет енгізілмей, олар аудан бюджетінің құрамында қалып отыр. 1 шілдеге дейін жергілікті өзін-өзі басқарудың 4-деңгейіне жататын ауылдық округтердің бюджет жоспарының 54,5%-і орындалды.
Тіректі елді мекендерді әрі қарай дамыту бағытында тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды кешенді дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, жұмыс жүргізіледі.
Б.ҚАСЫМБЕКҰЛЫ,
облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының бөлім басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |