Бюджет: түсім былтырғыдан жоғары

Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаевтың қатысуымен брифинг өтті. Онда  Елбасы Жолдауынан туындайтын мемлекеттік кірістер органдарының алдындағы міндеттер мен осы жылдың бірінші жарты жылдығында жүзеге асырылған жұмыс сөз болды.

Еліміздің 2050 жылға дейінгі страте­гиясына негізделген басым бағыт­тардың бірі – электронды форматқа көшу арқылы мемлекеттік қызмет түр­лерін жеңілдету, оны алушыға қолайлы жағдай жасау. Осы ретте мемлекеттік кірістер органдары нақты жұмыстар атқарып, бірқатар міндеттерді жүйе­лі орындауда. Мәселен, Жолдау аясын­­дағы ілкімді жобалардың бірі “Са­лықтың жиналуын көтеру” бойынша облыс көлемінде мемлекеттік кірістер департаменті  осы жылдың бірінші жарты жылдығында шоғырландырылған бюджетке 151,1 млрд теңге түсім түсуін қамтамасыз еткен. Өткен жылмен салыстырғанда 45,8 млрд теңгеге артық. Оның ішінде мемлекеттік бюджетке түсірілгені 61,3 млрд теңге, яғни тапсырма 108,6 процентке орындалған. Ал, республикалық бюджетке түсірілген салық көлемі 33,5 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 6,6 млрд тең­геге артық.

– Өсімге қол жеткізудің негізгі се­бептері облыстың макроэконо­мика­­лық көрсеткіштерінің жақсаруы. Яғни, өң­­деу өнеркәсіп өнімдері 100,5%-ке, құрылыс көлемі 115,9%-ке, ауыл шаруашылығы өнімдері 102,7%-ке өсті. Кіші кәсіп­керлік субъектілерінің саны 2017 жыл­дың осы кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ке артып отыр. Салықтық және ке­дендік әкімшілендірудің күшейтілуі арқасында 14,2 млрд теңгенің қосымша кіріс көздері қамтамасыз етілді. Бизнеске қолайлы жағдай жасау аясында салықтық тексерулер саны өткен жылмен салыстырғанда 46%-ке азайды. Тексерулер нәтижесінде 8 млрд теңгенің қосымша салықтары есептеліп, алдың­ғы жылдардағы сомаларды қосқанда 10,4 млрд теңге өндірілді, – дейді облыс депар­таменті басшысы Серік Мұстафаев.

Брифинг барысында ол ІV деңгейлі бюджеттің енгі­зілуі жайында сөз етті.

Оның айтуынша, биылдан бастап Бюджеттік кодекстің 8-тарауы, 52-1 бабымен толықтырылып, түсімдердің ау­­дандық маңызы бар қала, кент, ау­ыл­дық округ бюджеттері арасында бө­лінуі белгіленген. Нәтижесінде ай­мақтағы 2000-нан астам тұрғыны бар 65 ауыл­дық округ бойынша бірінші жартыжыл­дыққа 484 млн теңге бюджет қалып­тасып отыр. Болжамды түсімнің орындалуы 137,6%-ті құрайды. Сонымен қатар, қызмет көрсетудің электрон­ды форматқа көшуі де бюджетті ны­ғайтуға өз септігін тигізуде. Мысалы, электронды шот-фактура жүйесін қол­­данушылар қатары көбейген. Қа­зіргі кезде бұл жүйені 3770 заңды тұлға, 3391 дара кәсіпкер және 8409 жеке тұлға қолданады. Оған қоса кеден­ді декларациялаудың “Астана-1” ақпараттық жүйесі де толықтай қолда­ныста. Бұл ретте аталған жүйе де өз тиімділігін көрсетуде.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы» .

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 тамыз 2018 г. 592 0