« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ертең, 31 шілде күні сағат 14.00-де Қызылорда қаласындағы «Жібек жолы» ойын-сауық орталығының кино залында “Асыл арна” телеарнасының төл туындысы “Шабдалы” толық метражды көркем фильмі көрермен назарына ұсынылады.
Көркем фильм биылғы XIV “Евразия" кинофестивалінің аясында 5 шілде күні көрерменге жол тартты. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай дайындалған туынды көрермен көзайымына айналып үлгерді.
Түсірілімі Жетісайда басталып, Шымкент пен Түркістанда жалғасқан туындыға белгілі жырау Алмас Алматов айтқан әңгіменің желісі арқау болды. Идея авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек. Режиссері – Жандос Құсайынов.
«Шабдалы» фильміндегі негізгі оқиға 2000-жылдары болған. Табысты заңгер болуды армандаған астаналық жоғары оқу орнының студенті оқу бітірген соң анасына ескертпей, Түркістан облысы Жетісайдың азаматына тұрмысқа шығады. Бойжеткеннің анасы бұл әрекетке аса қуана қоймайды, себебі, қызының мансап құрып, жоғары қызметте істейтінінен үмітті еді. Әйел қолынан келгеннің барлығын жасап, қызын үйге қайтарудың амалын жасайды.
Кейіпкерлерді Шолпан Елгезекова, Дархан Манақов, Айдана Қызылқұлова, Жарас Ахметов, Абай Аязбаев және т.б. сомдайды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |