Санавиация ауылдық аймақтардағы пациенттерге көмек көрсету уақытын қысқартты

Бүгінгі таңда қан айналымы жүйесінің аурулары Қазақстанда кісі өлімінің басты себептерінің бірі. Ал жүрек талмасы мен операция арасындағы уақыттың қысқартылуы жүректің бұлшық еттерінің қызметін сақтап қалуға деген мүмкіндік, яғни адам өліміне деген қауіпті азайту. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.


«Бүгінгі таңда санавиацияның ұшырылымдары негізінен осы қан айналымы ауруларына байланысты жүзеге асырылып жатады. Өйткені қан айналымы жүйесінің аруымен науқастанған азаматтарға облыстық және республикалық деңгейдегі арнайы мамандандырылған медициналық ұйым жағдайында көмек қажет. Биылғы жылдың алғашқы жартысында ғана санавиация қызметі осындай 265 науқасты жеткізді. Санавиация қызметін негізінен мұндай ұшырылымдарды Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарына жасады»,-делінген хабарламада. Мысалы Қазақстанның санитарлық авиация қызметінің күшімен Шалқар қаласының тұрғыны жеткізілді. Жүрек талмасы ұстаған 1961 жылы туған әйелдің жағдайы өте мүшкіл болды. Ол денсаулық жағдайының қиындығы жөнінде жергілікті тұратын жері бойынша, медицина ұйымдарына хабарласып, Шалқар аудандық ауруханасына жатқызылған. Ал бұл ауруханада қажетті медициналық шарттар жоқ, оның үстіне науқастың жағдай уақыт өткен сайын нашарлап бара жатты. Сөйтіп ол Ақтөбе қалалық медициналық орталығына жеткізілді. Санавиация қызметін пайдалану пациентті қажетті орынға жеткізу уақытын 4 есе қысқартуға мүмкіндік берді. Ал басқадай жағдайда оны Ақтөбеге жеткізу үшін кемінде 7,5 сағат қажет болатын еді. 25 шілде күні науқас әйел тиісті дәрігерлердің көмегімен Ақтөбе қаласының аурухханасына жеткізілді. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты және өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. «Бүгінде денсаулық жағдайы мүшкіл пациенттерді санавиацияның күшімен шалғай елді мекендерден жедел жеткізу қызметі тиімді жұмыс істеп тұр. Бұл қызмет ауылдық жерлердегі адам өлімі мен адам өмірінің ұзақтығына әсер ететін басты бағыттардың бірі»,-делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.  


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 шілде 2018 г. 837 0