« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Сыр бойы» газетінің өткен санында «Құрылыстағы үйлесімділік – келісті шаһар келбеті» деген тақырыппен жарияланған мақаланы оқып шықтым. Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Қызылорда қаласын дамытуға қатысты сын-ескертпелері мен ұсыныстары келтіріліпті. Қала тұрғыны ретінде мен де пікірімді білдіргім келді.
Отбасымызбен облыс орталығында тұрып жатқанымызға көп болды. Қала көз алдымызда өсіп-өркендеп келеді. Сырт көз сыншы ғой, мұны басқа жақтан келген жақындарымыз бен достарымыз да айтып жүр. Қызылорда туралы көпшіліктің жақсы ойға, оң пікірге ойысқанына кәдімгідей марқайып қалады екенсің.
200 жылдық тарихы бар шаһарда атқарылып жатқан жұмыстардың ішінде маған, әсіресе, «сол жағалау» идеясы қатты ұнайды. Қалалар өзеннің екі жағына жағалай орналасатын тәжірибе әлемнің кейбір мемлекеттерінде бұрыннан бар. Мысалы, «махаббат қаласы» атанған Париж Сенаның бойында жатса, әсем қала Лондон Темза өзенінің қос жағалауына қоныс тепкен. Қазақстанның асқақ рухты астанасы Есілдің екі жағалауына салынғаны белгілі. Сол сияқты Қызылорда да бүгінгі күні ел ордасына қарап бой түзей бастады. Сырдария өзенінің сол жағалауында ерекше көз тартарлық ғимараттар, тұрғын үйлер көптеп салынуда. Бұрын бос жатқан жер қазір алып құрылыс алаңына айналды. Осы көріністің өзі көңіліңді өсіріп, ертеңге сеніміңді еселей түседі.
Көп ұзамай қызылордалықтар да астаналықтар секілді «сол жағалауда тұрамыз» дегенді айтып жүреді. Бүгінгі игі бастамалардың қай-қайсысы да біздің, балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқаны қуантады.
Үсен ТӨЛЕНБЕКОВ,
зейнеткер.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |