Қызылордадағы шыны зауыты биыл іске қосылады

Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауытының құрылыс-биыл аяқталады. Бұл туралы өңір басшысы Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында айтты.

Әкімнің сөзіне қарағанда, инвесторлар арасындағы проблемаларға байланысты құрылыс мерзімі кешеуілдеген.

 «Қытайдың шыны өндіретін зауыт салудан мол тәжірибесі бар трансмемлекеттік «Чайна Триумф» компаниясы осы шыны зауытының құрылтайшылар құрамына өткен айдан бастап кірді. Енді бұл компания жоғары технологиялық зауыт құрылысына инвестор ретінде қатысып, смартфондар мен планшеттерді күн сәулесінен қорғайтын панельдеріне арналған аса жұқа және өте мөлдір шыны жасап шығаруды көздеп отыр», - деді әкім.

Айта кетсек, жалпы құны 150 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жоба Қызылорда облысының индустриялық аймағында жүзеге асырылады. Өнім өндіруге қажетті шикізат толықтай жергілікті Сарышоқы кен орнынан жеткізіледі. Қосымша қоспалар Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан тасымалданады. 

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 шілде 2018 г. 552 0