АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

2018-2022 жылдары облыста агрокартаны жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарынының  шеңберінде ағымдағы жылы 7 млрд. теңгеден астам сомаға 10 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясының отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында аграрлық саланың алдына еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру және өндірілген өнім экспортын ұлғайту - 2 стратегиялық міндетті қойғанын аймақ басшысы еске салды. Бұл, өз кезегінде, аграрлық саланы жаңа деңгейге көтеруге, ауылдық жерлерді дамытуға серпін беріп, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын және лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Осы мақсаттарға жету үшін біз Агрокартаны іске асыруда 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледік және мақұлдадық. Жалпы, осы іс-шара аясында ағымдағы жылы 7 млрд теңгеден астам сомаға 10 инвестициялық жоба іске қосылады », - деді облыс әкімі.

Атап өтейік, соңғы бес жылда ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 2,5% -дан 3,7% -ға дейін өсті, бұл өңір экономикасының құрылымындағы сапалы өзгерістерді көрсетеді. Осы жылдарда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 23 есеге, тамақ өнімдерінде 5 есеге өсті. Тек биылғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 85%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2,7%-ға, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 15%-ға артса, ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты көлемі өнімнің заттай көрінісінде 66%-ға, ал, доллар эквивалентімен 7,3%-ға өсті.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 шілде 2018 г. 530 0