Бүгін Қазалы ауданында қоғам жұмысына белсене ат салысып, қайырымдылық қызметтерді ауқымды түрде атқарып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ұйымдар мен азаматтарды құттықтау рәсімі "Жомарт жүрек" салтанатты шарасы өткізілді.
Аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов аудандық жобалық кеңсе құрамындағы сарапшылар кеңесінің шешімімен жарқын болашақ жолында еселі еңбек еткені үшін «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» номинациялары бойынша бірнеше азаматтарға және ұйымға "Диплом" мен ескерткіш сыйлық табыстады.
Номинация иегерлерін Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Т.Ә.Бөріқұлақов құттықтап, ізгі тілегін білдірді.