« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ел тыныштығын сақтауда қырағылық танытып, бейбіт күннің қорғаны болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қызметкерлері төл мерекесін атап өтті. Облыс әкімдігінде өткен салтанатты шарада аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев мереке иелерін құттықтап, шынайы лебізін білдірді. Тәжірибелі қызмет атқарып, қол жеткізген оң нәтижелері мен міндеттерін адал орындағаны үшін бір топ қызметкерге Алғыс хат табыстады.
– Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылған арнаулы орган ширек ғасыр ішінде тұрақты жетіле отырып, даму мен қалыптасудың сындарлы жолынан өтті. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты. Ел тәуелсіздігінің тұғыры берік болуы жолында бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарып жүрген адал қызметтеріңіздің алар орны ерекше. Бұл жолда батырлық та, батылдық та, тапқырлық та, айлалы ақыл да сіздердің бойларыңыздан табыла білуі қажет, – деді облыс әкімі.
Расында, аталған сала кез келген қатер мен сынаққа шұғыл жауап бере алатын икемді, әрі жоғары дәрежелі қорғанысқа айналған. Елбасы осыған қатысты білдірген өз пікірінде «Ұлттық қауіпсіздік жоқ жерде – мемлекет те жоқ» деген болатын. Өмірін осы салаға арнаған азаматтар тұтас елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін тынбай тер төгіп, ауыр да абыройлы іс атқарып жүр. Олар кез келген марапатқа, сый-құрметке лайық.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |