Субұрқақ қазалылықтарға ерекше көңіл-күй сыйлайды

Кейінгі жылдары Қазалы ауданында жұртшылыққа арналған демалыс орындары көбейді. Соның бір дәлелі, ел тәуелсіздігінің ширек ғасыр толуына орай Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов көшесі бойында пайдалануға берілген «Тәуелсіздік аллеясы». 
Айта кетейік, аллея бойында «Тәуелсіздікке 25 жыл» монументі, Жалаңтөс баһадүр мавзолейі, Бегім Ана, «Асан көтерілісі» құрбандарына арналған ескерткіштер мен тынығу орындары, субұрқақ пайдалануға берілген болатын. 
Бүгінде кентіміздің көркіне айналған аллея аудан халқы мен қонақтары демалатын, серуендейтін ерекше орындардың біріне айналды. Көше көркін бұрынғыдан да аша түскен субұрқақ әсіресе, жаз маусымындағы демалыс кезінде балалар үшін таптырмас демалыс орны. Әсем де көрікті көше бойындағы субұрқақ маңында бүлдіршіндеріміз асыр салып ойнайды, ескерткіштер маңындағы гүлдендірілген тынығу орындарында көпшілік әңгіме-дүкен құрып, сейілдейді. 

Елбасы қалалар мен ауылдарды абаттандыруға және көгалдандыруға әрдайым ерекше мән беріп келеді. Туған жердің көркеюі, гүлденуі бәріміз үшін қуаныш. Ел-жұртқа, үлкендер мен жастарға, келген қонақтарымызға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында аудан басшылығы тарапынан жасалынған игі істерге халық та риза. Мұны біз тұрғындармен сұхбаттасқанда білдік. 
Жанат, 

кент тұрғыны:

- Мұнда кешкілік балаларыммен жиі келемін. Кең де таза, көрікті көше. Балаларға субұрқақ өте қызықты. Халыққа осындай жағдай жасаған аудан басшыларына рахметімді айтамын. 
Гуля,

 кент тұрғыны: 

- Иә, мен күнде немеремді ертіп осында келемін. Мынадай ыстықта үйге сыймай кетесің. Түрлі-түсті субұрқақты тамашалап немерем де мәз болып ойнайды. Тіпті қайтқысы жоқ. Жақсы демаламын. Бұл жерге көп адам келеді. Халыққа осындай демалысты ұйымдастырып отырған басшыларға алғысым шексіз.



Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 шілде 2018 г. 840 0