Қызылордалық шахматшы – 5 дүркін Азия чемпионы

Вакадува қаласында (Шри-Ланка) шахматтан оқушылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлесіміз Әсел Серікбай жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің абыройын асқақтатты.

Ол 17 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бойынша бақ сынасып, 7 турда 6 ұпай жинады. Швейцар жүйесімен ұйымдастырылған жарысқа 17 мемлекеттен 400 спортшы қатысуда. Әсел енді шахматтың классика түрінен сынға түседі. Дүбірлі бәсеке 14 шілде күні мәресіне жетеді.

Әселдің жетістігін айтатын болсақ, шахматтан ФИДЕ шебері және ҚР спорт шебері, 12 дүркін Қазақстан жеңімпазы, 5 дүркін Азия чемпионы (Сингапур 2015ж. классика, Ташкент 2017ж. классика, рапид, блиц, Шри-Ланка 2018 ж., рапид)2 дүркін Әлем чемпионы (Польша 2011 ж., Румыния 2017 ж.).

Ол №1 Қызылорда облысының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады.

Оның алдағы жоспары – 25 шілде – 4 тамыз аралығында Иранда ересектер арасында өтетін Азия кубогына, қыркүйекте Түркияда 20 жасқа дейінгі жастар арасында болатын Әлем чемпионатына қатысады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 487 0