« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда қаласында үш бірдей «Алтын белгі» иегері шыққан отбасы тұрады. Олардың кішісі биыл ғана мектеп бітірді.
«Алтын» балалардың анасы Мейрамкүл Әміржанова 28 жылдан бері А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте математика пәнінен сабақ беріп келеді. Әкесі Бақытжан Досжанов облыстық сот әкімшілігінде еңбек етеді. Екеуінің тәлім-тәрбиесін көрген ұл-қыздар әрдайым білімге талпынып, биікке ұмтылып жүреді. Балаларының үлкені Гүлжайна – №211 орта мектептің 2010 жылғы түлегі. ҰБТ кезінде жоғары балл жинап, Алматы энергетика және байланыс университетіне оқуға түсіп, оны да үздік бағамен тәмамдады. Одан кейін Ресейдегі Томск мемлекеттік басқару жүйесі және радиоэлектроника университетінің магистратурасында білімін жетілдірді. Қазіргі күні Гүлжайна – Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушысы.
Гүлайым да әпкесінің жолын қуып, №43 орта мектептегі озат оқушылардың алды болды. Әке-шешесі мен мұғалімдердің сенімін ақтап, жауапты білім сынағынан сүрінбей өтті. Бүгінде ол Алматыдағы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курсында оқиды. Болашақ химик. Үйдің кенжесі Бақбергеннің де биыл бағы жанды. Тынбай ізденуі мен тыңғылықты дайындығының арқасында тест сұрақтары ол үшін онша қиын бола қоймапты. Сәтін салса, Бақберген ақпараттық қауіпсіздік саласының қыр-сырын үйренуге құлықты.
– Балаларыма мектепті «Алтын белгімен» бітіру туралы талап қойған емеспін. Өздері білімге өте жақын. Оқу орталығының немесе репетитордың көмегіне жүгінбей өз беттерінше оқыды, – дейді Мейрамкүл апа.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |