Саланы дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қызылорда облысына іссапармен келді.   Үкімет басшысының бірінші орынбасары сапар барысында «Роскосмос» корпорациясының директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті. 

ҚР Премьер-Министрінің бірін­ші орынбасары Асқар Мамин мен  «Роскосмос» кор­порациясының директоры Дмитрий Рогозиннің кездесуінде ғарыш саласын дамыту және Байқоңыр қаласын бірлесіп пайдалану мәселесі талқыланды.

Кездесуде Қызылорда об­лы­сы­ның әкімі Қырымбек Көшербаев «Байқоңыр» кеше­ніндегі  Қазақстан мен Ресей ынты­мақтастығына қатысты бірнеше ұсыныс енгізді.

Осы күні «Қамбаш» туристік аймағы мен «Байқоңыр» ғарыш айлағында облыста туризмді дамытуға бағытталған жобалар таныс­ты­рылымы өтті. Сырда ға­рыш­тық туризмді дамыту мақ­сатында «Байқоңыр» ойын-сауық, туристік айма­ғын қа­лыптастырудың тұжырым­дамасы дайындалған болатын. Бұл өз кезегінде өңір туризмін өрістетуге үлес қоспақ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 496 0