Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Burabay Summer Fest» жасөспірім таланттардың халықаралық фестиваліне Ресей, Белоруссия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 500-ге тарта жас таланттар қатысып, хореография, вокал, аспапта ойнау шеберлігі, эстрадалық ән, көркемдік оқу номинациялары бойынша өзара мықтыны анықтады.
Фестиваль қорытындысымен көркемдік оқу номинациясы бойынша жерлесіміз Тілек Нұрхожа бас жүлдені иеленсе, Дәстүрлі ән номинациясы бойынша Ташмұхаммед Дильназ үшінші орынды иеленді. Өңірімізден қатысқан басқа өнерпаздар фестивальге белсенді қатысқаны үшін марапатталды.