Жалағаштық аналар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

Жалағашта аудандық әйелдер кеңесінің ұйытқы болуымен «Бесік жыры» атты аудандық аналар байқауы өтті.
Байқауға ауылдық округтерден 25-40 жас аралығындағы 11 адам қатысты. Байқауға қатысушылар ең алдымен өздерін таныстырып, бесік жырын айтты. Сондай-ақ өз өнерлерін ортаға салып, қазақтың салт-дәстүрлеріне, наным-сенімдеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.
Нәтижесінде Бұқарбай ауылынан келген Болысбекқызы Бақытгүл І орын иегері атанса, Ақсу ауылдық округі мен Шәменов ауылдық округінен келген қатысушылар ІІ, ІІІ орынға тұрақтады. Қатысушыларға және жеңімпаздарға арнайы диплом, Алғыс хат, естелік сыйлықтар табысталды.




 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 шілде 2018 г. 575 0