Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастамақ

Халықаралық конькимен жүгірушілер Одағы 2018/2019 жылғы маусымға арналған Гран-при турнирлерінің кестесі мен қатысушыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды. Ол 26-28 қазан күндері өтетін Scate Canada турнирінде бақ сынайды. Сондай-ақ, Элизабет Ресейде өтетін «Ростелеком» кубогында да жүлдеге таласып көрмекші. Келесі маусымда Гран-при турнирі алты мемлекетте өтеді деп жоспарланған. Еске сала кетейік, Тұрсынбаева жаңа маусымды жаңа бапкердің қоластында бастайды. Қазақстандық спортшыны канадалық Брайан Орсер жаттықтырып жүр.



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 шілде 2018 г. 552 0