« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аудандарға жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев спорттық кешендердің ашылуына қатысып, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша көшпелі жиын отырыстарын өткізді.
Қазалы ауданының Жанқожа батыр ауылында және Қармақшы ауданының Төретам кентінде 120 орындық спорттық кешендердің ашылу рәсімі өтті.
Облыс әкімі елді мекендерінің тұрғындарын құттықтап, жаңа нысандарда жүздеген ел және әлем чемпиондарының тәрбиеленуіне тілектестігін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қызылорда облысының 7 елді мекенінде спорт кешендерінің құрылысы басталып, бұдан бұрын 4-еуі пайдалануға берілді. Одан бөлек, Елбасының бұқаралық спорт түрлерімен айналысатындардың санын 2020 жылы 30 пайызға дейін көбейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 27 пайызды құрады.
Сондай-ақ, аудандарда мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту бойынша көшпелі жиын өтті.
Отырысты ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың ақпан айында 2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияладық. Мен бұған дейін бірнеше рет жаппай кәсіпкерліктің дамуы тұрақты жұмыс орындарының құрылуына, салық базасының көбеюіне және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге тікелей әсер ететінін айтқан болатынмын. Ал шағын бизнесті қолдау және дамыту осы міндеттердің бәрін бір мезгілде шешуге мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау бойынша үлкен жұмыс атқарылғангын атап өтті. Жобаларды сүйемелдеуге алу үшін әрбір жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді, толық форматты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары ашылды. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаражат қаралды.
Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, 2018 жылдың 1 маусымына ауданда 4 355 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.
«Тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің ішінде 3634 нақты жұмыс істейтіндер. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30.4 пайызға артты. Бұл облыс бойынша үздік көрсеткіш», - деді Қазалы ауданының әкімі.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Қазалы ауданында жалпы құны 139 млн.теңге 4 жоба мақұлданып, жалпы құны 61,49 млн.теңге 3 жоба бойынша ішінара кепілдендіру берілді.
Мемлекеттік грант байқауына 56 адам өтінім берсе, оның ішінде жалпы құны 15,1 млн. теңге 19 жобасы мақұлданды. Одан бөлек, 2018 жылдың 1 тоқсанында «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында 219 адам оқытылды.
Қармақшы ауданында 3 341 бизнес субъектісі тіркелді, оның 2436 – нақты жұмыс істейтіндер. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 10 пайызға артты.
«Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 73 млн.теңге 5 жоба мақұлданды, жалпы құны 26,6 млн.теңге 2 жоба бойынша ішінара кепілдендіру берілді», - деп хабарлады Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов.
Сондай-ақ, мемлекеттік грант байқауына 92 аудан тұрғыны өз жобаларын ұсынып, олардың 33-і мақұлданды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында 135 адам оқу курсын бітірді.
Жиындарды қорытындылай келе, облыс әкімі Қ.Көшербаев шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты, әсіресе стартап жобаларын қолдау бойынша жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдау шаралары жөнінде жаппай ақпараттандыруға қарамастан, кейбір елді мекендерде бірде-бір жоба ұсынылмаған. Аймақ басшысы әкімдерге осы мәселе бойынша жеке жауапкершілік жүктелетінін ескертіп, өңірлік жобалық басқару аясында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің есебін облыс әкімдігінің ахуалдық орталығы арқылы жүргізуді тапсырды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |