Сырдария ауданында шағын және орта бизнес саласында 122 жоба іске қосылады

Бұл туралы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша отырыста аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту бойынша көшпелі жиын өтті.

Отырысты ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Жобаларды сүймелдеуге алу үшін әрбір жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді, толық форматты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары ашылды. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаражат қаралды. Яғни, біз бизнесті жүргізу және дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасадық», - деді аймақ басшысы.

Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыс туралы баяндады. Атап айтқанда, 2018  жылдың 1 маусымына 2169 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде 1652 нақты жұмыс істейтіндер, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда саны 17,5 пайызға өсті.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаның грант тетігі бойынша құны 202 млн.теңгенің 132 жобасы конкурстық  комиссияның  қарауына  ұсынылып, құны 21,5 млн.теңгенің 28 жобасы  комиссияның оң қорытындысын алды.Нәтижесімен  ауданда кондитерлік цех ашу жобасы 4, дәнекерлеу  цехы 2, тіс емханасы 1, тігін  цехы 2, ағаш  өндіру  цехы 1 және де басқа да инновациялық жобалар жұмыс жасайтын болады. Ашылатын жұмыс  орындары  43. 2018 жылы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған үкіметтік және өнірлік бағдарламалар арқылы 211,1 млн.теңгенің 46 жобасы іске қосылып, 54 жұмыс орындары ашылды, жыл аяғына дейін 533,5 млн.теңгенің  122 жобаның  іске  қосылуы  жоспарлануда», - деп хабарлады Ғанибек Қазантаев.

Одан бөлек, 136 аудан тұрғыны «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша білім алып, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында жалпы құны 98,55 млн.теңге 29 жоба мақұлданды.

Сондай-ақ, жиында ауылдық округ әкімдері мен жауапты лауазымды тұлғалар баяндама жасады.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудандарда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша жұмысты әрі қарай күшейтуді тапсырып, жыл қорытындысы бойынша биыл кәсібін бастаған әр аудан мен облыс орталығында үздік стартап-кәсіпкерлерді, сондай-ақ, үздік аудан әкімі мен жауапты лауазымды тұлғаны 1 миллион теңге көлемінде сыйақымен марапатталатынын жеткізді.

Атап өтейік, Қызылорда облысында 40 мыңға жуық нақты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бұл көрсеткіш  2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артты.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны 2018 ж. 1 қаңтарына 84250 адам, ал шығарылған өнім көлемі 2017 жылдың қорытындысымен 302,186 млрд. теңгені құрады. 2018 ж. қаңтар-сәуір айларында аймақта 2476 жеке кәсіпкер, 78 шаруа қожалығы және 240 ЖШС құрылды.

Сондай-ақ, өңірде «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында 1600 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда қатысушылардың алғашқы легі оқуды бітіріп, бизнес-жобаларын облыстқ комиссия отырысында қорғады. 291 адам оқу курстарын бітіріп, 127-сі жобасын қорғап шықты. Тағы да 800 жуық кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында оқытылатын болады, бүгінгі күні облыс бойынша 1171 адам оқу бітірді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 маусым 2018 г. 646 0