« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Домбыра – ұлттың үні. Басқа аспаптардың ешқайсысы қазақтың мұңын, қуанышын, биік парасатын домбырадай жеткізе алмайды. «Үн – адам болмысының айнасы» дейтін болсақ, қазақтың болмысы, қазақтың жаны – домбыра.
«Бір елді жаулау үшін музыкасын қара. Егер ол ұлттың әні құтырынып, билеуге ғана лайық болса, жаулау қиын емес. Егер тыңдаған елді мұңайтып, дел-сал қылатын болса, онда да басып алу оңай. Ал музыкасын тыңдағанда ойға жетелейтін болса, ол елді жаулау өте қиын» деген Конфуций қағидасы бар. Демек, музыка ұлтты танудың формуласы. Домбыра арқылы бүгінге жеткен күй мен әннің әрбірінде қазақтың тағдыры, дәстүрі, рухани қазынасы бар. Жастардың беті батыс мәдениетіне бұрыла бастаған қазіргі күні ұлттық өнерге дер шағында қолдау танытқаны үшін Елбасына алғыс айтамын. Бұл біздің ұлт ретінде рухани жаңғыруымыздың дәлелі деп ойлаймын. Өйткені, рухани жаңғырудың басты бір өзегі киелі домбыраға байланысты. Домбыра – қазақтың әлімсақтан бергі айтар сөзі, әні, сәні, тіпті жаны болып келе жатқан киелі аспап. Рухани байлығы мықты Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісін, мәңгілік баянды болашағын домбырасыз елестету мүмкін емес.
Мен бес жасымнан бастап домбыра тарттым, осы аспап арқылы елге танылдым. Аралға шетелден келген кинорежиссер, ғалымдар «Аралмен мұңдасу» атты толғауымды тыңдау үшін үйге арнайы келетін. Бұл – ұлт мұрасына, ұлттың өнеріне деген құрмет. Сондықтан 1 шілде – ұлттық домбыра күнін ұлт мәртебесі асқақтаған күн деп білемін.
Мұрат СЫДЫҚОВ,
күйші, композитор, Арал ауданының құрметті азаматы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |