« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Биыл Сырда көктем кеш шықты. Соған қарамастан ауыл еңбеккерлері қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, маусымды нәтижелі аяқтауда. Биылғы егіс көлемі 177,1 мың гектар алқапқа межеленген болатын. Өткен күзде шаруашылық құрылымдары 3236 гектар күздік бидай егуді, 55,8 гектарға сүдігер айдауды қамтамасыз етті. Бүгінгі күні облыста дақылдарды егу жұмыстары толығымен аяқталып, барлық дақыл түрлері бойынша межеленген егіс көлемі артығымен орындалды. Көкөніс-бақша да толығымен орналастырылуда. Күріш көлемі 87267 гектарға жеткізіліп, меже 107,7 процентке орындалды. Қазір егіс алқаптары толығымен суға бастырылды.
Өнім сапасы тұқымына байланысты екені бесенеден белгілі. Бұл орайда қажетті 22695 тонна күріш тұқымы дайындалған еді. Дайындалған өнімнің 1917 тоннасы – «Маржан», 5039 тоннасы – «Янтарь», 14586 тоннасы – «Лидер» және қалғандары басқа сұрыптарды құрады. Танапқа түскен тұқымның тең жартысына жуығы элиталық және бірінші репродукциялы өнім болып табылады. Шаруашылықтарда күріш тұқымы толығымен себу дәрежесіне жеткізілген болатын.
Ендігі жұмыс егінді күтіп-баптау. Бұл орайда егіске қажетті минералды тыңайтқыштың көлемі 54,2 мың тоннаны құрап, оның 90%-ке жуығы алынды. Сонымен бірге шаруашылықтарға 60 мың литрден астам гербицид дайындалды.
Науқанда сала техникамен қамтамасыз етіліп, көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны мезгілінде жеткізіліп берілді. Сонымен бірге облыс шаруашылықтарының техникалық паркі «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 61 жаңа техникамен толыққалы отыр.
Биыл су мөлшерінің жылдағыдан аз болатыны ескеріліп, сала еңбеккерлерін тиянақты жұмыс істеуге жұмылдырды. Соның нәтижесінде су тапшылығын еңсеруге қол жетті. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты суару көлемі 4,2 млрд текше метр болып бекітілген еді. Соңғы деректер бойынша «Шардара» су қоймасына жоғарыдан секундына 440 текше метр су түсуде. Ал қоймадағы су көлемі 3,7 млрд текше метрді құрап, төменге секундына 300 текше метр су тасталуда. Сондай-ақ, «Көксарайдан» дарияға секундына 300 текше метр су түсіп тұр. Бүгінгі күні «Шардара» мен «Көксарайда» барлығы 4,6 млрд текше метр су жиналып, ол өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 1233 млн текше метрге кем болып отыр. Қазір облыс территориясына жоғарыдан барлығы 595 текше метр су түсіп, оның 451,7 текше метрі шаруашылықтардың егістік каналдарына жіберіліп жатыр.
Осылай диқандарды мазалаған су мәселесі аймақта өз шешімін тауып, егістік алқап толық қамтамасыз етілді. Мұның өзі дала еңбеккерлерінің алдағы мол өнім жолындағы жұмыстарына негіз қаламақ.
Ж.ӘБІШОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |