« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Цифрлық технология» ХХІ ғасырда адам өміріндегі орасан өзгерістерге жол ашты. Қазіргі таңда газет бетін ашсаңыз да, теледидарды қоссаңыз да осы тақырып аясында әңгіме өрбіп жатқанын байқайсыз. Ақпарат құралдары жарғақ құлағы жастыққа тимей бекерден-бекер жар салып жатқан жоқ. Тұғыры биік тәуелсіз Қазақстанның алдында үлкен міндет тұр.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы негізгі 4 бағыт бойынша жұмыстар жүргізеді. Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстандағы өмір сапасын арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ұлттық экономиканы цифрландыру. Аталған төрт басым бағыттың алғашқысы экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке өту және «Цифрлық Жібек жолын» дамыту арқылы экономика мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту қарқынын айтарлықтай үдету, ауыл аймақтарды интернет желісімен толықтай қамтамасыз ету болмақ.
«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» интернеттің дәурені жүріп тұр. Ақпараттық-коммуникативті дамытудың ғаламдық индексінің мәліметтеріне қарасақ, Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде компьютер мен ғаламторға қолжетімділіктен көш бастап келеді. Оның дәлелі ел тұрғындарының 75 проценті ғаламтордың белсенді қолданушылары болып саналады. Компьютерді сауатты меңгерген тұрғындар жылдан-жылға көбейіп келеді. Егер 2010 жылы ел тұрғындарының 43,7 проценті компьютер пайдалануға қабілеті жеткен болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 76,2 процентті құрайды. Жанқалтаңдағы жан серігіңе айналған телефонның ішінен өзіңе қажеттінің бәрін де табасың. Мобильді қосымшаларды жүктеу арқылы жұмысыңызды жеңілдетесіз. Үйде отырып қажетті құжаттарыңызды аласыз, бұрынғыдай терезе жағалаудың машақаты тез арада жойылды. Тіпті, үйде отырып жұмыс істеп, айлық табатындар да төбе көрсете бастады.
Сонымен қатар ұялы телефон платформасы үшін интернет жобалар әзірлейтін «KAZNET Media» қосымшасы, бағдарламалық қамсыздандырудың «Columbus» жеткізушісі, «ARTA» корпоративті платформа өндірушісі, «OTTO Kazakhstan», «Арена S», «Белый ветер KZ», «Технодом оператор» аталатын интернет дүкендері де жоғары танымалдылыққа ие болып келеді.
Сондай-ақ, қазір көлігіңіз болмаса, діттеген жеріңізге жету қиындық тудырмайды. Мобильді қосымшада «Яндекс такси» деп аталатын қосымшаны жүктеп алсаңыз болғаны.
Әрине, мұның барлығы күнделікті тұрмыс түйткілі. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл бағдарлама экономиканы ілгерілетуге қалай қызмет етіп келеді, мәселе осында. Өткен жылы Елбасымыз цифрландыру бойынша өткен респуликалық кеңесте "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының экономикалық әсері байқалмай отырғаны жөнінде айтты. Президент сол кеңесте цифрландыруды экономикалық өсімге қол жеткізудің құралы екенін атап өтті.
Яғни, цифрландыру жалпы ішкі өнімнің өсімін көтеруге қол жеткізуі тиіс. Бұл үшін біздің елімізде әлі алға қойған міндеттер баршылық.
Біз, жастар, болашағымыздың жарқын екеніне сенеміз. Осы жарқын болашақ жолына қандай үлес қоса аламыз, біздің ойымыздағы өзек осы.
Маржан ӘШІРАПБАЕВА,
Қорқыт ата атындағы
ҚМУ студенті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |