Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

1960 жылдары Арал теңізінің аумағы 67 499 шаршы метрге жеткендігі белгілі. Бірақ КСРО кезінде суды тиімсіз пайдаланудан теңіз тартылып, жағалауды жүздеген шақырымға тастап кеткен. Осындай қиын жағдайда Елбасының арқасында Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жобасы қолға алынған болатын.
- Арал теңізін сақтап қалуды Елбасы биік мінберлерден айта бастады. Орта Азия мемлекеттері басшыларын жинап ғасыр жобасын құруда бастамашы болды. Осылайша 2003-2005 жылдары Бүкіләлемдік банктің қатысуымен Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін қайта қалпына келтіру жобасы іске аса бастады. Бұл шешім бір аймақ үшін ғана емес, бүкіл ғалам экологиясы үшін маңызды болды. Сол үшін ғасыр жобасы атауын алды. Бұл жобаның негізгі құрылыс нысаны Кіші Аралды сақтап қалуға негіз болған Көкарал су торабы. Биыл жобаның екінші кезеңі іске қосылды, - дейді Арал аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау кәсіпорнының директоры Файзулла Смағұлов. 

Бақтияр ТАЙЖАН, 
«Егемен Қазақстан».

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 маусым 2018 г. 473 0