ЕЛ ҚОРҒАНЫНЫҢ ЕРЕН ТҰЛҒАЛАРЫ

Кеше облыс әкімі ­­Қырымбек Көшербаев  облыстық ішкі істер департаментінің қыз­мет­керлерін қабылдап, кә­сіби мерекелерімен құт­тықтады.
– Мемлекеттің тыныштығы, ха­­лықтың амандығы бәрі­нен қымбат. Ел іргесінің сө­гіл­­мей, бүтіндігіміздің бұзыл­­­май  отырғаны сіздердің ең­­­­бек­­теріңіз­бен тікелей бай­ла­нысты.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жол­­дауында қоғамның дамуы тәр­тіптен басталатынын атап айтқан еді. Соңғы жылдары қылмыс көрсеткіштерінің азайып, даму­дағы ілгерілеушіліктеріміз осы қағиданың өміршеңдігі.
Ішкі істер министрлігі, облыс басшылығы тарапынан сіздерге әр­дайым қолдау көрсетіліп ке­леді. Елбасымыз да осыны тап­сы­рып отыр. Өйткені сіздер мем­лекетімізге қауіпсіздік төндіретін лаңкестік пен қылмысты тез арада тойтарып, ел қауіпсіздігін сақтап келе­сіздер.
Халықтың ішкі істер қыз­мет­керлері атқарып келе жат­қан жұмысқа көңілі толады, қоғамдық пікір жақсы. Кәсіби мереке қарсаңында облыс әкі­мі­нің поштасына полиция қыз­меткерлерінің атына айтылған алғыс тілектер де көптеп түсті, – де­ді облыс әкімі.
Мұнан соң аймақ басшысы бір топ ішкі істер қызметкерлерін ма­ра­паттады. Оларға антта­рыңызға адал болыңыздар деген ті­легін білдірді.
Сондай-ақ, облыс әкімі ОІІД бас­шысына марапатталған қыз­мет­керлердің шенін көтеріп, олар­ды қолдау мәселесіне мән бе­ру керектігін тапсырды. Сонымен бірге кәсіби мереке тұсында бірқатар шаралар атқарылатынын, соның бірі Жалағашта аудандық ішкі істер бөлімі жаңа ғимаратының  ашылуы болатынын айтты.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,
«Сыр бойы».
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 маусым 2018 г. 549 0