« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қызмет көрсетулердің автоматтандырылуы қолға алынып отыр. Солардың бірі онлайн электронды билет. Бұл қызмет түрі көпшілік үшін таңсық. Сонда да пайдаланатындар қатары күн санап көбейіп келеді.
«Қызылорда» Автобус Паркі» ЖШС-на жаңа электронды билет «OyBy» жүйесі енгізілгені мәлім. Автобус паркінде ақпараттық технологиялар жөніндегі маман Ибрагим Малыбаев осы қызмет туралы мәлімет берді. Жолаушылар ұялы телефондары арқылы электронды билетті онлайн арқылы сатып ала алады. Ең бастысы онлайн электронды билет жүйесі экономикалық жағынан тиімді, статистикалық көрсеткіштері нақты.
– Электронды жүйенің жұмысы тым қарапайым. Қызметті смартфоны бар кез келген жолаушы пайдалана алады. «OyBy» электронды билет жүйесін Android платформасындағы смартфон телефонға Play Market қосымшалар жинағынан, ал IOS жүйесіндегі телефондар AppStore-дан жүктеп ала алады. Сонан соң, телефон нөмірі арқылы тіркеледі. OyBy мобильді көмекші жүктемесін орнатып, көмекші қосымшамен автобус салондарында орналасқан «QR» кодтар арқылы жол жүру ақысы «Beeline» байланыс жүйесінің бірліктері есебінен және кез келген банк картасы арқылы төленеді. Алдағы уақытта барлық ұялы байланыс түрлерінен де төлемдер жасалуға мүмкіндіктер қарастырылады, – деді ол.
Жолақы төлеуде комиссия ұстамайды. Электронды жүйеде қолма-қол ақшасыз қаржы аударымдары айқын және процеске қатысушылардың тексеруіне қолжетімді. Төлемдер тікелей парк орталығындағы басты жүйе арқылы сол мезетте қадағаланып отырады.
Алдағы уақытта, бұл кодтар автобус паркіне тиесілі барлық автобус салондарына орнатылады. Әзірге №1, 14, 18, 11, 17, 30 бағытындағы автобустарда бар.
Электронды билет жүйесінің бұл түрі еліміз бойынша Қызылорда қаласында ең бірінші болып қолданысқа енгізіліп отыр. Дегенмен, әлі де жетілдірілу үстінде. Жоба сәуір айының екінші жартысынан бастап қолданысқа енгізілгенімен, халық жүйеге тез үйренді.
Айта кету керек цифрландыруға байланысты автобус паркіндегі жаңалық тек бұл ғана емес. Қазіргі таңда «Диспетчерлендіру» жобасы іске асырылып жатыр. Болашақта жолаушылар электронды карталарда («GoogleMap», «YandexMap» және т.б.) автобустың аялдамаларға жету уақыттары және келесі аялдамаға қанша минутта жететіні туралы ақпараттар көре алады.
Жүргізушілерге жол қағазы электронды түрде беріледі, бір айлық жүру және демалыс кестесі автоматты түрде бөлініп тұрады. Әр жүргізушінің өз магниттік картасы болады. Бұл картада GPS қондырғысы арқылы барлық ақпарат сақталады. Сол ақпараттарды диспетчерлер қадағалап отырады.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |