« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен сенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Жаңақорған және Шиелі аудандарына жұмыс сапарында көшпелі жиын өткізіліп, онда облыста жарияланған «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Жиынға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты. Аудан, ауыл әкімдерінің, сондай-ақ, осы жұмыстарға тікелей жауапты мамандардың есебі тыңдалды.
Жаңақорған ауданында өткен жиында аудан әкімі Ғ.Әміреев жергілікті мамандар Қырғызстан мен Өзбекстанның жылыжай бизнесін дамыту бойынша, сондай-ақ, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен өзге де салалық ұйымдардың озық тәжірибелерін енгізуді қолға алып отырғанын айтты. Одан бөлек, ауыл жастарының «Zhasproject» стартап-жобаларды қолдау бағдарламасына қатысып, өз ісін бастауына жағдай жасалуда. – Жаппай кәсіпкерлікті қолдаудан негізгі күтілетін нәтиже, біріншіден, тұрақты жұмыс орындары ашылады. Екіншіден, салық базасы ұлғайып, бюджет кірісі артады. Үшіншіден, қоғамда әлеуметтік тұрақтылық қалыптасады. Сол себепті біз осы бағдарламаны барынша тиімді пайдаланып, аталған нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Осы уақытқа дейін насихат шаралары жеткілікті деңгейде жүргізілді. Оған қоса, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» орталығы ашылып, жұмыс жасап жатыр. Әрбір ауылдық округ бойынша кәсіпкерлік бастамаларына көмек беретін жауапты адамдар бекітілді. Енді тек нәтиже сұралады, – деді облыс әкімі жиында.
Осы орайда аймақ басшысы облыста жарияланған «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылының» қорытындысы бойынша 8 үздік стартап-кәсіпкерге 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беру жөнінде шешім қабылданып отырғанын айтты. Алайда қолға алынған жұмыстардан нақты нәтижесі болуы керек. Жауапкершілік қатаң сұралады. Сонымен қатар, өңірдің ерекшелігіне сәйкес отбасылық бизнесті дамыту, заман сұранысына сай креативтік жобаларды жүзеге асыруға талпыныс жасау қажет. Облыс әкімінің төрағалығымен Шиелі ауданында өткен көшпелі жиында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы және ауыл әкімдері кәсіпкерлікті дамытудағы жұмыстарды баяндады.
Шиелі ауданында осы жылдың 1 мамырына 4658 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде белсенділері 3456. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,8 процентке артқан. Жыл басынан бері конкурстық комиссия тарапынан жалпы құны 15,3 млн теңге 24 стартап-жоба мақұлданып, «Өңірлік инвестициялық орталығы» ұйымы арқылы жалпы құны 117,1 млн теңге болатын 31 жоба қаржыландырылған.
Жалпы облыста шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны осы жылдың 1 қаңтарына 84250 адам болса, шығарылған өнім көлемі 302,186 млрд теңгені құрады. Ал қаңтар-сәуір айларында аймақта 2476 жеке кәсіпкер, 78 шаруа қожалығы және 240 ЖШС құрылған. Сондай-ақ, өңірде «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында 1600 адамды оқыту жоспарланса, одан бөлек, 800-ге жуық кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында оқытылатын болады. Бүгінгі күні облыс бойынша 1171 адам оқу бітіріп, кәсібін бастауға ниет білдірген.
Аталған жұмыстар нәтижесінде, облыста 40 мыңға жуық нақты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, демек бұл көрсеткіш 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,8 процентке артқанын аңғаруға болады.
Сапар барысында облыс әкімі «Думан–Шиелі» ЖШС арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ашылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жыл басынан бері аудан тұрғындарына қызмет жасап келеді. Қазіргі таңда орталықта 50 зейнеткер және 53 мүмкіндігі шектеулі бала тиесілі әлеуметтік көмекпен қамтылған. Өзіміз куә болғандай, үш қабатты еңселі ғимаратта барынша қолайлы жағдай жасалған. Арнайы жабдықталған жаттығу залдары, ем алу бөлмелері, спорттық ойын түрлері ұйымдастырылған. Жобаның құны 122,3 млн теңге, 54 адамды жұмыспен қамтылып отыр.
Аймақ басшысы орталықтың қызметіне жүгінген зейнеткерлермен жүздесіп, емен-жарқын пікірлесті.
Осы күні Тартоғай ауылында 90 орындық «Құлагер» балабақшасы ашылды. Балалардың болашағы үшін жасалған игілікті іске ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әлсейітов тұрғындар атынан алғысын білдірді. Балабақша 2007 жылдан бері жұмыс жасайды. Бұрын ауылдық мектептің ескі ғимаратына орналасқан балабақшаның жаңа нысанға көшуі көптің қуанышына айналды.
Сондай-ақ осы ауыл тұрғыны Нағашыбай Өркенбайұлы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан жалпы көлемі 5 млн теңге несие алып, 2016 жылы наубайхана жұмысын бастаған болатын. Бүгінгі таңда мұнда күніне 250-300 бөлке нан және өзге де нан өнімдері шығарылады. Кәсіпкер Тартоғай, Майлытоғай және Қоғалы ауылдарының сұранысын қамтамасыз етіп отыр.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |