« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жаңақорған ауданындағы жұмыс сапарында облыс әкімі Қ.Көшербаев Кеңес ауыл ындағы Т.Әбдірашев атындағы №239-орта мектепте болды. ҚР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Төлепберген Әбдірашевтің туғанына 70 жыл толуына арналған «Қазақ мәдениетіндегі классикалық музыка және Төлепберген Әбдірашевтің мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
– ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында қазақтың классикалық музыка дәуірінің жаңа бір парағы ашылды десек болады. Ғажайып өнердің көрнекті өкілі болған жерлесімізге Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев, «Төлепберген – қазірдің өзінде әлемдік өнердің інжу-маржан тұлғасы» деп баға берген еді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзі оқыған №239 орта мектепке Төлепберген Әбдірашевтің есімі беріліп, қоғамдық негіздегі музейі ашылды. Болашақта мектеп алдына оның ескерткіші қойылады. Одан бөлек, Сырдарияның сол жағалауында салынып жатқан жаңа қаладағы көшелерінің біріне Т.Әбдірашевтің есімі берілмек, – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, облыс әкімі Сыр өңірінің алтын қазынасы - жыршылық өнерді жас ұрпаққа насихаттау, түркі халықтарының ұлттық фольклорлық-музыкалық өнерін дәріптеу және өзара мәдени байланысты нығайту мақсатында халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық- музыкалық өнер фестивалі дәстүрлі түрде өткізіліп келетінін, сондай-ақ, алдағы уақытта «Қазақ дәстүрлі өнер академиясын» ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Конференцияда сөз алған Төлепберген Әбдірашевтің ұстазы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері Меруерт Қаленбаева талантты өнер иесін ұрпақ алдында ұлағаттау бағытында туған өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдірді. Шарада Қазақстанның Халық артисі А.Қоразбаев Т.Әбдірашевпен бірге өткен студенттік күндердің қызықты сәттерін еске түсірді. Сөзінің соңында Т.Әбдірашев 1987- 2007 жылдар аралығында, яғни өмірінің соңына дейін көркемдік режиссері әрі бас дирижері қызметін атқарған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне оның есімі берілсе деген ұсынысын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде дара өнер иесінің жолын талантты шәкірттері жалғастырып, қазақтың жауһар туындыларын әлемдік деңгейде насихаттауға қызмет етіп келеді.
Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы»,
Жаңақорған-Шиелі
аудандарынан.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |