« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мониторинг қорытындысымен республикалық инспекциялық топ Қызылорда облысының мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесін таратуды ұсынды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен Мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша Республикалық комиссия отырысында өңірде атқарылған жұмыс туралы баяндады.
Облыста мемлекеттік мекеме, аумақтық департамент және инспекцияларда мемлекеттік рәміздердің жағдайы мен стандарттарға сәйкестігін жүйелі түрде тексеріп тұратын инспекциялық топ тұрақты түрде жұмыс істейді. Ай сайын рейд ұйымдастырылып, анықталған кемшіліктер мен оларды түзету туралы ақпарат БАҚ құралдарында жарияланады.
2015 жылдың шілде айынан бастап облыс бойынша мемлекеттік мекемелерге рәміздерді сатып алу бір орталықтандырылған жүйеге енгізілді. Облыстағы Мемлекеттік рәміздер туралы база қалыптастырылды. Онда өңіріміздегі Мемлекеттік рәміздердің қаржыландырылуы, саны мен жауапты адамдар жайлы мәлімет қамтылған. Өңірде мониторинг жүргізген республикалық инспекциялық топ жоғарыда аталған Мемлекеттік рәміздердің базасын қалыптастыру бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарымызды басқа өңірлерге оң тәжірибе ретінде таратуды ұсынатындығын жеткізді.
Аймақ басшысы, сондай-ақ, саладағы проблемалық мәселелерді атап өтті.
«Дегенмен, проблема да жоқ емес. Мемлекеттік рәміздерді дайындайтын лицензиялары мен сертификаттары бар жеке серіктестік мекемелер мемлекеттік рәміздер туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді пайдалануға беруде. Бұл жағдайлар қарағандылық «Ақ бастау KZ» және астаналық орналасқан «ZOOM» жарнама агенттігі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде кездесті. Бұл жөнінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне ұсыныс берілді», - деп хабарлады Қызылорда облысының әкімі.
Атап өтейік, облыс орталығында Мемлекеттік рәміздер аллеясы салынып, онда биіктігі 60 метр Қазақстан Туы орнатылған. Бүгінгі күні аллея мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ант қабылдауы, әскер қатарына шақырылған жас азаматтарды шығарып салу сияқты патриоттық іс-шаралар өткізетін дәстүрлі орынға айналды. Сондай-ақ, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні Арал қаласында Мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды. Болашақта ондай аллеялар барлық аудан орталықтары мен тіректі елді мекенде салынбақ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |