« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Орталық коммуникация қызметінде «Киелі Қазақстан» QazaqGeography Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының және «Арал 2018» экспедициясының нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихат өтті.
Осы іс-шараға QazaqGeography халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан АЛҒАШОВ, «Назарбаев Университет» АҚ National Laboratory Astana PR және коммуникация бөлімінің менеджері Жәмила АЯЗБЕКОВА, «Назарбаев Университет» АҚ National Laboratory Astana биофотоника және имиджинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері Вероника ДАШКОВА, «Назарбаев Университет» АҚ National Laboratory Astana биофотоника және имиджинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері Айдын ӘБІЛҚАС қатысты.
2018 жылғы 10-29 мамыр аралығында QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы Солтүстік және Оңтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырды. Сапар келесі бағыт бойынша қазақстан және өзбек аумағында 7000-ға жуық шақырымды қамтыды: Астана – Қарағанды – Балқаш – Шу – Тараз – Шымкент – Ташкент – Самарқанд – Бұхара – Үргеніш – Нүкіс – Мойнақ – Арал теңізі – Бейнеу – Бозой – Арал теңізі – Арал – Қызылорда– Астана.
Экспедиция құрамында QazaqGeography қызметкерлері, Назарбаев Университетінің гидробиолог ғалымдары, географтар, фотографтар және Tengrinews.kz және Massaget.kz-тің фотожурналистері болды. Гидробиолог ғалымдар «Арал 2018» экспедициясының мақсаты Оңтүстік және Солтүстік Арал суаттарының гидрохимиялық ахуалын зерттеу; өңір мәселелерін жарыққа шығару; Арал маңының туристік әлеуетін дамытуға арналған деректерді өзектендіру; сондай-ақ фото мен бейнематериалды жинау болды.
Арал 2018 экспедициясы барысында Назарбаев Университетінің бір топ ғалымдары өткізген ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Оңтүстік және Солтүстік Аралдағы бірнеше нүктеден су сынамалары іріктеп алынды, Арал теңізінің қалдық суаттарының қазіргі жағдайын зерттеу үшін гидрологиялық-гидрохимиялық параметрлері өлшенді.
Экспедиция нәтижелері бойынша планктондық қауымдастықтардың биологиялық алуан түрлілігі, тұз, форсор, қышқыл, судың ластығы деңгейі туралы деректер жиналды, мұның өзі Солтүстік және Оңтүстік Аралдың экожүйесін дамытуда алдын ала трендті айқындауға мүмкіндік берді. Ғылыми бөлім зерттеулерінің толық нәтижесі Назарбаев Университетінің гидробиолог ғалымдары кешенді зерттеулер жүргізген соң белгілі болады.
Ғалымдардың алдын ала деректері айтып тұрғандай, Арал теңізінің тұздылығы 3,5 промилледен 130 промиллеге дейін ауытқиды. Бұл жағдайда Арал теңізінің тұздылығы кейбір жерлерде Оңтүстік Аралға қарағанда 10 есеге жуық кем болды. Мәселен, Оңтүстік Аралда тіркелген 130 промилле Әлемдік мұхиттың орташа тұздылығынан төрт есе жоғары болды.
QazaqGeography Аралға экспедициясы 2016 жылдан бастап есептегенде бұл екінші экспедиция болды, ол кезде Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамның экспедиция құрамындағы Назарбаев Университетінің бір топ ғалымдары Солтүстік Аралдың бірнеше бөліктерінде судың гидробиологиялық ахуалын зерттеген болатын. Сол кезде ғалымдар Солтүстік Аралдың орташа тұздылығының төмендеу беталысын тіркеген еді, мұның өзі Солтүстік Аралдағы экологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқаны туралы алдын ала тұжырым жасауға мүмкіндік берді. 2018 жылы Назарбаев Университетінің гидробиолог ғалымдарымен бірге, зерттеу спектріне Оңтүстік Арал да кіреді. Ғылыми сынамалардың нәтижелері бойынша планктондық қауымдастықтардың биологиялық алуантүрлілігі, судың ластығы, қышқылдығы, тұз, фосфор деңгейі туралы деректер жиналатын болады, мұның өзі Солтүстік және Оңтүстік Арал экожүйесінің дамуындағы алдын ала трендті анықтауға мүмкіндік берді.
QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы бес бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғат ресурстары; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі уақытта Қазақстанда 11 өкілдік ашылған. QazaqGeography жобаларды Еуразиялық Топтың (ERG), KAZ Minerals («Шығыстүстімет» ЖШС) демеушілік қолдауымен жүзеге асырады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |