« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Соңғы бірер күнде жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері күнделікті 50-ден астам жанға дәрігерлерлік кеңес беруде. Бүгінде ауруханада түрлі науқаспен 165 адам ем алып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.
"Сонымен қатар, облыс бойынша күнделікті жедел жәрдем дәрігерлерін шақыртушылар саны 1300-ден асты. Бұл шақыртулар әдеттегіден 25 процентке артқан. Дене қызуы көтерілген науқастардың өзі 15 пайызға өскен. Дегенмен, қауіпті ауру минингиттің ешқандай белгілері анықталған жоқ", - дейді Ұ.Аханаева.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыста менингококты инфекция жұқтырған 1 жағдай тіркелді. Осы жылдың 31 мамырында Жаңақорған ауданының тұрғынынан инфекция анықталған болатын. 27 жастағы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. Алайда, дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады, азамат 2 маусымда аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысы Ұлбосын Аханаеваның айтуынша, науқаспен қарым-қатынаста болғандарға медициналық бақылау әлі жүргізілуде. Байланыста болған 65 азаматтың 50-не жүргізілген профилактикалық ем шаралары аяқталды. Қалған 15 азамат дәрі-дәрмекпен емделуде. Ал, 10 күннен кейін аурудың ошақ орны жабылады.
Айта кету керек, облыста менингитке қарсы екпе егу жұмыстары басталды.
Өңірімізге 50 доза екпе Бельгия мемлекетінен жеткізілді. Сонымен қатар, вакцинациялау №6 қалалық емханада жүргізілуде. Бүгінде 2 адам екпе ектірді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |