« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстандағы шағын бизнес кәсіпорындарының 60 пайыздан астамын әйелдер басқарады. Ал Қызылорда облысында жыл басынан бері Өңірлік инвестициялық орталық арқылы қаржыландырылған 258 жобасының 112 кәсіпкер қыз-келіншектердің бастамасымен қолға алынған болатын. Ол туралы облыстық іскер әйел–кәсіпкерлер форумында облыс әкімі Қ.Көшербаев хабарлады.
Форум жұмысына өңірлік қаржы институттары мен мемлкеттік орган басшылары, сондай-ақ, 40 жуық кәсіпкер қыз-келіншектер қатысып, аймақтық іскер ханымдарының бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев форумға қатысушыларды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі және Сыр өңіріндегі шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы баяндап берді.
«Қазіргі таңда рсепублика бойынша кәсіпкер қыз-келіншектердің үлесі 50 пайыздан астам. Мұндай жоғары көрсеткіштер әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы әлеуетінің тағы юір дәлелі. Шағын бизнес кәсіпорындарының 60 пайыздан астамын әйелдер басқарып отыр. Оның ішінде басым көпшілігі қызмет көрсету саласы: ателье, сулулық салондары, дүкендер, және денсаулық сақтау, азық-түлік және туризм салалары. Жыл басынан бері облысымызда Өңірлік инвестициялық орталық арқылы микронесие беру мақсатында 1 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі күні 258 жоба мақұлданып, қаржыландырылды. Оның 112 пайызы іскер әйел – кәсіпкерлерге тиесілі», - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, форумда Сыр өңірінде танымал іскен қыз-келіншектер: «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС бас директоры Рая Удербаева, «Мой доктор» клиникасының басшысы Ләззат Өмірзақова, «Қолөнер» этномәдени орталығының құрылтайшысы Аида Керімқұлова және т.б. баяндама жасады,
Іс-шара барысында белсенді кәсіпкер қыз-келіншектер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |