«Халқымен қайта қауышқан есімдер»

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жиын Жалағаш ауданында «Халқымен қайта қауышқан есімдер» ескерткіш басына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою, құран бағыштау рәсімінен басталды. Жиын барысында жиылған қауым озбыр, солақай саясаттың кесірінен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, жазықсыз жапа шегіп, аштық көрген ата-бабаларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алды. 
- Түрлі зобалаңды басынан кешірген қазақ елі үшін 31 мамыр – ең ауыр ұлттық қайғы күні. Мына алдарыңыздағы құлпытасқа есімдері жазылған адал да абзал азаматтар сол бір солақай саясаттың құрбаны болғандар. Біз ешкім де ешқашан да ұмытылмайды деп өскен ұрпақпыз. Жазықсыз жазаланған ата-ағалар есімі мәңгі жасайды - деді аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу жиынының алғашқы сөзінде.
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, сұрапыл жылдарда жазықсыз жапа шеккен, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары сөз алып, қасіретті жылдардың қайталанбай, әлемде баянды бейбітшілік орнап, еліміздің босағасының берік болуына тілектестіктерін білдірді.
Шара соңы аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі «Реквием сағатына» ұласты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2018 г. 517 0