АЗАЛЫ КҮНДЕР ЖАДЫМЫЗДА

Қазалы аудандық мәдениет орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азалы күндер жаңғырығы» атты тарихи-танымдық шара өтті. 
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған танымдық шарада аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов сөз сөйледі. Сол бір зұлмат жылдардың құрбанына айналған Досмамбетұлы Өтепбергеннің ұрпағы Күлмараш Өтепбергенқызы шараға қатысушыларға естелік лебізін арнады. Аудан өнерпаздары еске алу күніне пролог орындап, концерттік бағдарлама қойды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2018 г. 543 0