« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін облыс орталығында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтті. Тарихымыздағы қайғылы да қасіретті жылдарды еске алуға арналған шарада облыс әкімі Қ.Көшербаев сөз сөйледі.
- Кеңес Одағының ұжымдастыру саясаты қазақ халқын бұрын-соңды болмаған үлкен қасіретке әкелді. Малы күшпен тәркіленген қазақ халқы босқыншылық кезіп, 2 миллион халық зұлмат шығынға ұшырады. Енді бүгін азалы тарихымызға бас ие отырып, аяулы азаматтар рухына тағзым ету, өткенімізге салауат айтып, тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне жас ұрпақты бейжай қарамауға тәрбиелеу ең басты парызымызға айналды, - деді аймақ басшысы.
Жиын соңында шараға қатысушылар «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ата-баба рухына тәу етті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |