ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЛАУАЗЫМЫНА КӘРІМ МӘСІМОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЛАУАЗЫМЫНА КӘРІМ МӘСІМОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Н.Назарбаев Премьер-Министр лауазымына Кәрім Мәсімовті ұсынды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған кандидатты депутаттар бірауыздан қабылдады. Барлық 105 депутат дауыс берді.
Мемлекет басшысы отырыс барысында К.Мәсімовті Үкімет басшысы ретінде тағайындау туралы тиісті құжатқа қол қойды.
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы туған. Пекин тілдер институтын, Ухань университетінің Заң институтын (ҚХР), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, АҚШ-тың Колумбия университетінде тағылымдамадан өткен. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін еркін меңгерген.
Еңбек министрлігінің бас экономисі, бөлім бастығы, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші қаласындағы (ҚХР) өкілдігінің аға маманы, Қазақстанның Гонконгтағы сауда үйінің атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Алматы сауда-қаржы банкінің, Қазақстанның Халықтық жинақтаушы банкінің басқарма төрағасы болды. Көлік және коммуникация министрі, Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, республика Премьер-Министрінің орынбасары қызметтеріне тағайындалды.
2007 жылғы қаңтардан 2012 жылғы 24 қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
2012 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. 
2014 жылдың 21 қаңтарынан ҚР Мемлекеттік хатшысының міндетін атқарды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / БИЛІК 03 сәуір 2014 г. 1 176 0