
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметінің отставкасын қабылдады.
«Мемлекет басшысы менің отставкам туралы өтінішімді қабылдады. Өзімнің атынан және Үкіметтің атынан жоғары сенімі үшін Елбасына алғыс білдіргім келеді»,- деді Серік Ахметов.
Оның сөзіне қарағанда Үкімет туралы заңға сәйкес Премьер-Министрдің отставкасының аясында барша Министрлер кабинетінің өкілеттігін тоқтататынын білдіреді. Сонымен қатар жаңа үкімет қалыптасқанша құзыреттілік сақталады. Сөз соңында Серік Ахметов барлық Министрлер кабинетіне бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғысын айтты.