« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
21-24 мамыр аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталмыш іс-шараны орындау мақсатында мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 328 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 11 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 11 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Өзбекстан Республикасының 7 азаматы республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 8 азамат ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Бұл жұмыстар күнделікті өз жалғасын табуда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |