Қазалы тұрғыны үйінің алдына жылыжай салды

Қазалы ауданының тұрғыны Қанат Ибрагимов үйінің алдына жылыжай жасап, қияр өсіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Қияр өсіруге қызыққан Қанат Ресей елінен поликарбонат материалын әкеліп, жылыжай салған. Жуырда Қанат Ибрагимов «Даму» қоры арқылы үш жарым миллон теңге несие алып, жылыжайдың жылу жүйесін жөндеп жатыр.

«Жылыжайдың іші жыл он екі ай жылы болуы тиіс. Қазір осы мақсатта жұмыс істеп жатырмын. Сондай-ақ, есік ашылған сәтте бірден салқын ауа соқпауы үшін жылыжайдың алдына кіші бөлме салдым. Мен тек қияр өсіремін. Өйткені, әр көкөністің күйі бөлек. Мәселен, қияр ылғалды сүйеді. Оның қасына құрғақ ауада өсетін көкөністі отырғыза алмайсың. Қиярдың бірнеше түрін өсіріп көрдім. Барлығының шығымы жақсы. Алда жоспарым көп. Жылыжайды кеңейту ойда бар. Жүйесін тапсаң, жұмыс көп қой», - дейді Қанат.

Кәсіпкердің үйінің ауласындағы жылыжайдың ұзындығы - 14, ені - 4 метр. Мұнда қиярлар тамшылатып суару тәсілі арқылы суарылады. 

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2018 г. 739 0