ЖЫЛЫЖАЙДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Адамзаттың болашақ алдындағы басты парызы – қоршаған ортаны қорғау, яғни,  жердi cақтау және оның пайдалы қазбаларын, cу реcурcтарын, өciмдiктер мен жануарларын қорғау, ауа мен cудың тазалығын қамтамасыз ету, қоғам мен табиғаттың үндестік қарым-қатынаcын сақтап қалу.

Осы орайда, бүгін Арал ауданында АҚШ-ның Қазақстандағы елшілігінің  қаржыландыруымен «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігінің «Жастардың экологиялық бастамаларының ресурстық орталығын құрудың кешенді іс-шаралары»   жобасы бойынша «Ресурысты орталықты» ашу салтанаты өтті. Ауқымды жоба Арал аудандық оқушылар үйінің ауласында іске асырылады. Жобаны  іске асыру  барысында 6 млн теңге қаржы бөлініп, аудандық оқушылар үйінде күн және жыл энергиясын өндіретін  5кВТ станция және  сужылытқыш  қондырғы, жылыжай орнатылған.

Басты мақсат – оқушылар мен аудан жастарына  тамшылатып суару құрылғысын пайдалану  арқылы жылыжайда көкөністер өсіру, баламалы энергия көздерін қолдану, табиғи және технологиялық ресурстарды тиімді пайдалну жолдарын таныстыру әрі оқыту. Осы ретте, шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы  С.Жанназарова сөз алып, жобаның маңыздылыға тоқталып, құттықтау лебізін білдірді. Одан әрі өнерлі оқушылар ән шырқап, табиғат ананы қорғау жайында жыр шумақтарын ортаға салды.

Айт кету керек, аталған шаралар, мінекей, дәл бүгіннен бастау алып, шараға қатысушылар тамшылатып суару құрылғысын пайдалану  арқылы жылыжайға қызанақ, қияр өнімдерін егіп шықты. Егілген көкөністерді әрі қарай аудандық оқушылар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектер өз қолдарына алмақшы.

Тағлымы мол шара мұнан әрі «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының Арал қаласындағы ғимаратында «Жасыл экономика – болашаққа жол» атты семинарға ұласты.

Қорыта айтқанда, аталмыш жоба жасөспірімдер мен жастарымызға табиғи ресурстарды тиімді пайдалану  арқылы  халықтың жоғары тұрмыс деңгейін сақтауға  бағытталған  «Жасыл экономика»  жөнінде толық ақпараттар алуына зор мүмкіндіктер жасап, жас буынның қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуына жол ашты.  

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2018 г. 524 0