«Ізгіліктің нұрын сепкендер» - бұл сөз қашаннан дәрігерлер мен мейірбикелер атына таңылған. Мейірбике ісі – ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін маман иесі.
Сырқаттанып ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері.
Мейірбикелер – науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай-ақ. Ал осындай маман иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді.
Мейірбикелердің жауаптылығы мен адалдығының нәтижесінде арнайы Халықаралық мейірбикелер күні де белгіленген болатын, яғни бұл халықаралық мейрамның тамыры сонау 1853 жылдан бастау алады. Әлем бойынша 1974 жылдан бастап Халықаралық мейірбикелер күнін атап өту туралы шешім қабылданды. Қырым соғысы кезінде жарақат алғандарға көмек көрсету үшін қайырымдылық қызметін ұйымдастырған Флоренс Найнтингейлдің құрметіне арналған мереке күні бүгінге дейін әлемнің түкпір-түкпірінде тойланып келеді.
Соның бірі дәлелі Достық үйінде «Халықаралық Мейірбикелер күні» мерекесіне орай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырған салтанатты шарасы.
Салтанатты шарада алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы құттықтау сөз сөйлесе, одан әрі Қызылорда облысы медицинасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан сала қызметкерлері марапатталып, медицина саласының ардагерлеріне сыйлықтар табыс етілді.
Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
Қызылорда қалалық ауруханасының баспасөз қызметі