Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары IV оқу тоқсанында “Independent Novel Study” жобасы аясында атқарылған жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Аталмыш жоба оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Бұл тараудағы тапсырмалар оқушылардың қызығушылықтары бойынша сараланып, олардың жеке оқу тәжірибесін қалыптастыруға бағытталды.
Жұмыс жасау кезінде оқушылар түрлі сандық платформалар мен Web2 құралдарын қолданып, романдардағы негізгі түсініктер мен мәнмәтінді ашатын сандық артефакттарды жасады. Дайындалған жұмыстар арасында сөзжұмбақтар, электронды кітаптар, комикстер, Fakebook-тегі профильдер мен альбомдар болды.