« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай облыс әкімі Қ.Көшербаев «Гранд-Плаза» мейрамханасында Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қабылдады. Құрмет төріндегі қонақтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті төнген шақта ел үшін, жер үшін кеуделеріңізді оққа тосып, қан майданға аттандыңыздар. Майдан даласында ерен ерліктің үлгісін танытып, Жеңісті жақындатуға жан аямай үлес қостыңыздар. Соғыс майданынан туған елге оралған соң да еліміздің, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қостыңыздар. Майдандағы ерен ерлік пен тылдағы табанды еңбектің нәтижесінде елге тыныштық орнап, тұрмысымыз түзелді.
Бүгінде бірлігі бекем, берекесі мықты елімізді бүкіл әлем таниды. Сондықтан осынау Тәуелсіздіктің негізін қалауға Сіздердің сіңірген еңбектеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз, құрметті ардагерлер! Тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Ел аман болсын! Сіздер аман болыңыздар, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов кең- байтақ даламызда сан мәрте соғыс өтсе де, сағы сынбай, Тәуелсіздігін орнатқан еліміздің жасампаздығын айрықша атап, осынау бейбіт өмірдің негізін қалаған ардагерлерге ізгі ниетін білдірді.
Мерекелік шараны Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Өнербаев жүргізді. Аймақ ардагерлеріне ақжарма тілегін арнаған әнші өз репертуарынан әндер орындап берді.
– Осынау егемен ел атанып, өркеніміз өсіп, өнеріміз дамып, елге береке орнаған шақта Сіздердің Отан қорғау жолындағы ерен ерліктеріңіз тарихымыздың бетінде алтын әріппен жазылып қалды. Ал бүгінгі бейбіт өмірде Отан қорғау дегеніміз – тарихымызды, тілімізді, өнерімізді, мәдениетімізді қорғау. Рухани құндылығымызды қастерлеу, – дейді Н.Өнербаев. Сондай-ақ, Абай атындағы опера және балет театрының солисі Олег Татамиров, талантты әншілер М.Мақұлбеков, Ғ.Бекмырзаевалардың орындауындағы «Кестелі орамал», «День Победы», «Журавли» сияқты әндер қарт майдангерлерге керемет көңіл күй сыйлады.
Енді бір сәт мерекелік дастархан басындағы ардагерлерге облыс әкімінің атынан гүл шоқтары мен сый-сияпат ұсынылды. Жалпы өңірімізде 37 ҰОС және 5726 тыл ардагері бар. Оларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 422,3 млн теңге қаржы бөлінген. Нақтылап айтар болсақ, 37 ҰОС ардагеріне 192 400 теңге, 82 Ұлы Отан соғысы жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталған 82 адамға 120 250 теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен 5382 қызылордалыққа 72 150 теңге біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Аймақ басшысының арнайы сый құрметіне ардагерлер атынан қарт майдангер «Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерінің иегері Бөрібай Құлманов, Қазақтанның еңбек сіңірген дәрігері», тыл ардагері Ернияз Омаров алғыс айтып, бір шаңырақ астындағы сан ұлттарға сая болған, бірлігі бекем еліміздің бейбітшілігі баянды, болашағы жарқын болуына ақ тілектерін арнады.
Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |